1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге Өтініш және келесі құжаттарды ұсынады көшірмесі 2 данада:
2) туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі 2 данада.
Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорттың басты беті, консулдық есеп көшірмелері) 2 данада;
4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
5) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);
6) тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген ресми түрде ГФР аумағында орналасқаны туралы растайтының құжатты ұсыну (түпнұсқа және көшірме 2 данада);
7) егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама. ҚР-ның азаматы болып танылғаныңыз және неміс азаматтығын алуға өтініш бермегеніңіз туралы, сондай-ақ қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы бар анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі (Negativbescheinigung). Аталған анықтама берілген мерзімнен кейін 30 күнің ішінде ҚР ГФР-дағы консулдық мекемесіне ұсынылуы тиіс көшірмесі 2 данада;
8) Неке қию/ажырасу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмелері. Егер неке қию/ажырасу ГФР-да жасалған болса, онда аталған құжаттың «Apostille» мөртабасы мен қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы болуы қажет көшірмесі 2 данада.
Егер паспорт арызданушының ГФР-де некеге тұруына байланысты оның жаңа тегіне берілетін болса, онда неке қию туралы куәлікпен бірге қазақ немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасы бар тегінің өзгертілгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмелері қоса берілуі керек 2 данада.
9) ГФР-да тұрақты тұруға растайтын құжат (Aufenthaltstitel түпнұсқасы мен көшірмесі) 2 данада.
10) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
11) Марка мен конверт дайың болған құжат туралы хабарландыру алу үшін.