Қазақстан делегациясы Татар АКСР-інің 100 жылдығын мерекелеуге қатысты

Қазақстан делегациясы Татар АКСР-інің 100 жылдығын мерекелеуге қатысты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Татар АКСР-інің 100 жылдығын, Татарстан Республикасы Күнін және Қазан қаласы Күнін мерекелеуге қатысты.

Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевпен кездесулердің барысында екі республика арасындағы қарым-қатынастардың байырғы достастық сипаты ерекше аталып өтті.

Қазақстан өкілдері сонымен қатар Татарстан журналистері жұмысының ұйымдастырылуымен танысты, соның ішінде "Татар-информ" ақпараттық агенттігінің кеңсесіне барды. Келіссөздердің қорытындылары бойынша медиа саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде дамыту жөнінде келісушілікке қол жеткізілді.