РФ-дағы ҚР-ның Елшісі Ермек Көшербаев Татарстан Инвестициялық даму агенттігінің онлайн-жобасының қонағы болды

РФ-дағы ҚР-ның Елшісі Ермек Көшербаев Татарстан Инвестициялық даму агенттігінің онлайн-жобасының қонағы болды

Бүгін Ресейдегі Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаев Татарстан Инвестициялық даму агенттігі (ТРИДА) жобасының шеңберіндегі онлайн-кездесуге қатысты.

Ислам әлемі елдерінің Ресейдегі елшілерімен және бизнестің өкілдерімен интернет-әңгімелер сериясы маусым айынан бастап "Ресей-Ислам әлемі: KazanSummit" Халықаралық экономикалық саммитінің жыл бойғы іскерлік онлайн-бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтуде.

Жылы және достық бейнекездесу барысында қатысушылар Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыттар бойынша жоғары қарқынын атап өтті.

Бүгінгі таңда Татарстанда 40-қа жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстанда Татарстанның "КамАЗ", "Татмұнай", "КВЗ", Зеленодол кеме жасау зауыты және басқалар сияқты жетекші компаниялары өз қызметтерін жүзеге асыруда. Татарстанның жоғары оқу орындарында екі мыңға тарта қазақстандық студенттер білім алады.

Қорытындылай келе, ТРИДА басшысы Талия Минуллина Ермек Көшербаевты ағымдағы аптаның соңында Татарстан Республикасының Күні мен Қазан қаласының Күнін мерекелеуге шақырды. Бұл күндері сонымен қатар Татар АКСР-інің 100 жылдығы құрметіне арналған салтанаттар да өтеді.