
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ермек Көшербаев бүгін Мәскеуде аккредиттелген шетелдік дипломаттармен бірқатар кездесулер өткізіп, өңірлік және жаһандық сипаттағы ағымдағы күн тәртібін, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың келешегін талқылады.
Ресей Федерациясындағы Бангладеш Халық Республикасының Елшісі Ахсан Камрулмен кездесуде осы елден тоқыма өнімдер импорттаудың және қазақстандық бидайды экспорттаудың ықтималды келешегі қаралды.
Өз кезегінде, Ресей Федерациясындағы Литва Республикасының Елшісі Эйтвидас Баярунаспен қаржылық технологиялар мен транзит-көлік әлеуетін дамыту мәселелері ортаға салынды.
Кездесулер жылы, конструктивті және достық жағдайда өтті.