
Бүгін Ресейдегі Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаев белгілі музыка продюсері Арман Дәулетияровпен кездесті.
Бүгін Ресейдегі Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаев белгілі музыка продюсері Арман Дәулетияровпен кездесті.
Дипломатиялық миссияның басшысы ресейлік "МУЗ-ТВ" телеканалының бас директорын 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет Грамотасын тапсырды.
Марапат Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.
Арман Дәулетияров құрметті марапат үшін ҚР басшылығына алғыс білдірді және қазақстандықтарға денсаулық пен амандық тіледі.