Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі азаматы Отанына аман-есен оралды

Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі азаматы Отанына аман-есен оралды

Бұл Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдем көрсетуінің арқасында мүмкін болды.

Коронавирус пандемиясы жарияланғанда Қазақстанның 26 жастағы азаматшасы Айсұлу Қапсалам Сочи қаласында еді.

Елдердің арасындағы тұрақты жолаушылар қатынасының жабылуы мүмкіндігі шектеулі бойжеткенді шын мәнінде тығырыққа тіреді.

Алайда қазақстандық дипломаттар отандасымызды қиын сәтте қалдырмай, оның үйге қарай жолға шығуына көмектесті.

Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшатын рейспен Айсұлу Отанына аман-есен оралды, ол енді өзінің тағдырына немқұрайды қарамаған жандардың барлығына алғысын білдіруде.