
COVID-19 жаңа типті коронавирус инфекциясының таралуымен күресу үшін Астрахань өңірінің "Жолдастық" қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының мүшелері мен Қазақ мәдениетін дамыту қорының күшімен 1000 кг-нан аса медициналық жүк сатылып алынып, бүгін Атырау облысына жіберілді
20 мың медициналық бетперде, 500 литр зарарсыздандыру құралы, 1000 инфузиялық жүйе, 1000 медициналық бинт, 300 қорғаныштық костюм, жаялықшалар, С дәрумені және т.б. Атыраудың COVID-госпиталіне "Жолдастық" қоғамы Кеңесінің төрағасы Нұрлан Қандықовтың және Қазақ мәдениетін дамыту қоры басқармасының төрағасы Эдуард Искаковтың бастамасымен жолданды.
"Қазақстан Республикасының туыстас халқына арналған гуманитарлық көмек жинауды біз бір аптадан сәл бұрынырақ бастадық. Осылайша "Жолдастық" қоғамының белсенділері мен мүшелері біздің губернаторымыз Игорь Бабушкиннің ең жақындағы көршілеріміз – Атырау облысына жаңа коронавирус инфекциясының таралуымен күресте көмек көрсету туралы шешімін қолдады. Таяудағы уақытта Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанатынына және біздердің барлығымыз да үйреншікті өмір ырғағына қайта оралатынымызға сенімдіміз. Осы жүкті жинауға атсалысқандардың барлығына – "Жолдастық" қорының белсенділеріне, серіктестер мен шет қалмаған қарапайым азаматтарға, қазақстандықтар үшін қиын-қыстау мезетте олардың қасынан табылған баршаға алғыс айтқымыз келеді. Әсіресе Астрахань облысындағы шешендер қоғамдастығының мүшелері мен Шешен Республикасы Басшысының Астрахань қаласындағы уәкілетті өкілінің акцияға қатысуын ерекше атап өткім келеді", – деді Нұрлан Қандықов.
Шынында да, Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің көмек көрсету туралы бастамасын қолдау туралы шешімді "Жолдастық" қоғамы Кеңесінің мүшелері бірауыздан қабылдады. Апта ішінде ақшалай қаражат жиналды, Атырау қ. госпиталімен қажетті дәрі-дәрмектің тізімі келісілді, көлік компаниясымен мәселе шешіліп, мұның бәрі жүкті жедел түрде жнақтап, ең қысқа мерзімде жіберуге мүмкіндік берді.