Бүгін, 23 шілдеде, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаевтың Мәскеудегі дипломатиялық корпустың дуайені Әзірбайжан Республикасының Елшісі Полад Бюльбюль оглымен кездесуі өтті.
Әңгіме барысында Қазақстан Елшісі биылғы жылы Әзірбайжанның Түрік Кеңесінде табысты Төрағалық етуімен, ірі іс-шаралардың, соның ішінде Байланыс тобының форматында Қосылмау Қозғалысы Саммитінің өтуімен құттықтады.
Тараптар экономикалық ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелерін ортаға салды, әлемдегі және өз елдеріндегі коронавирус инфекциясымен күрес жөнінде пікір алмасты.