Елші Ермек Көшербаев «Академия медиаиндустрии» ректорымен кездесті

Елші Ермек Көшербаев «Академия медиаиндустрии» ректорымен кездесті

Бүгін, 9 шілдеде, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде Төтенше және Өкілетті елші Ермек Көшербаевтың «Академия медиаиндустрии» Федералды агенттігі ФБМОО ректоры Вячеслав Умановский мен кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Академия медиаиндустрии» ректоры Вячеслав Умановский қазақстандық тарапты тамыз айында «Пандемиядан кейінгі медиа» деп аталатын онлайн-конференция форматындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырды. Іс-шарада COVID-19 пандемия жағдайындағы БАҚ-тың жай-күйі және мемлекеттік органдардың коронавирус туралы көпшілікке арналған ақпараттық жүйені орналастыру мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, кездесу барысында медиаиндустрия саласындағы өсіп келе жатқан талаптарға жауап беретін қазақстандық кадрларды бірлесіп даярлау мүмкіндігі талқыланды. Ресей тарапы Қазақстанда «Академия медиаиндустрии» филиалын ашу және қазіргі Ресейлік медиа индустрия академиясының базасында қазақстандық мамандар үшін курстар мен семинарлар ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.

«Академия медиаиндустрии» мемлекеттік білім беру мекемесі болып табылады, ол сонымен бірге «Журналистика» және «Кино, теледидар және басқа экрандық өнер» мамандықтары бойынша кандидаттар мен ғылым докторларын даярлаудың ғылыми орталығы болып табылады.