ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Алтай Республикасында болды

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Алтай Республикасында болды

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Алтай Республикасына жұмыс сапары өтті

Өңір Үкіметі Төрағасының Бірінші орынбасарлары Виталий Махаловпен және Эжер Ялбаковпен кездесу барысында ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланды.        

Тараптар іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату арқылы өзара сауда номенклатурасын одан әрі кеңейту жөнінде бірлескен күш-жігер жұмсауға уағдаласты.         Бірлескен жобаларды іске асыру үшін жақсы перспективалар көлік-логистика және туристік салаларда ашылады.        

Алтай Республикасы дәстүрлі түрде қуатты агроөнеркәсіптік инфрақұрылымымен танымал. Өзара тиімді байланыс орнату мақсатында Елші «Карым» ЖШҚ марал өсіру кешені мен «АМЗА» агроөнеркәсіптік паркіне барды.        

Қазақстан мен Алтай Республикасын тығыз тарихи және рухани байланыстар біріктіреді. Қазіргі уақытта мұнда 12 мыңнан астам қазақ тұрады. Бұл аймақтың орыстар мен алтайлардан кейінгі үшінші этносы. Бұл ретте шамамен 80%-ы Қош-Агач ауданының бес ауылында тұрады. Отандастармен кездесуде Д. Абаев өзара іс-қимылдың әртүрлі аспектілерін, ана тілін үйрену мәселелерін және бірлескен гуманитарлық жобаларды талқылады. Сондай-ақ қонақтарға жергілікті шығармашылық ұжымдардың концерті ұсынылды.