ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Түмен облысында болды

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Түмен облысында болды

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Түмен облысына жұмыс сапары өтті. Делегация құрамына «KazakhExport» АҚ өңірлік директоры Александр Цыганков, қазақстандық іскер топтар мен коммерциялық компаниялардың өкілдері кірді.

Өңір губернаторы Александр Мурмен кездесу барысында ынтымақтастықтың түрлі бағыттары талқыланды.

Қазақстан Түмен облысының негізгі серіктестерінің қатарына кіреді және ТМД елдері арасында тауар айналымы бойынша бірінші орында. 2023 жылы өзара сауда көрсеткіші шамамен бір жарым есеге өсті.

Сондай-ақ ынтымақтастық туралы алты келісім жасалды – үш аймақаралық және үш муниципалитетаралық.

Түмен облысында дамыған мұнай өндірісі, мұнай химиясы, машина жасау қуатты өнеркәсіптік базасы бар. Осыған байланысты, Қазақстан бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Осы мақсатта Елші «Бентек» и «СибБурМаш» (мұнай-газ жабдықтарын ірі өндірушілер) кәсіпорындарына барып, компания басшылығымен өзара тиімді байланыстарды нығайтуды талқылады.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыты білім беру саласы болып табылады. Қазіргі уақытта Түмендегі жоғары оқу орындарында 1,5 мыңға жуық қазақстандық студент оқиды. Түмен мемлекеттік университетінде дәріс барысында Д. Абаев Қазақстанның ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етіп, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сапар аясында Елші «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қойды және отандастармен кездесті. Қазір Түмен облысында 39 мыңға жуық қазақ тұрады. Өзара іс-қимылдың әртүрлі аспектілері, ана тілін үйрену мәселелері және бірлескен гуманитарлық жобалар қарастырылды. Сондай-ақ, қонақтар Түмен қазақтарының шығармашылық ұжымдарының концертіне қатысты.