
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бейнеконференцбайланыс режимінде келіссөздер жүргізді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси, экономикалық салалардағы, соның ішінде транзиттік-көліктік, энергетикалық және әскери-техникалық бағыттардағы Қазақстан-ресейлік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар, сондай-ақ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, БҰҰ аясындағы кооперация мәселелерін қарастырды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысу үшін Мәскеуге алдағы сапарын дайындау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, М.Тілеуберді мен С.Лавров ағымдағы жылдың қараша айында Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресей XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін қарастырды.