ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Л.Калашниковпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Л.Калашниковпен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашниковпен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарының жоғары деңгейін атап өтті.

Ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты екі ел басшыларының белсенді және сенімді диалогымен сипатталады. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 7 қазанда өткен Мәскеуге жұмыс сапарына және қарашада Қостанайда өтетін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығы форумына үлкен мән беріліп отыр.

Екі мемлекеттің заң шығарушы палаталары арасындағы достық және серіктестік қатынастар да үлкен үлес қосады. Дәурен Абаев пен Леонид Калашников парламентаралық өзара іс-қимылдың оң нәтижесін атап өтіп, оны одан әрі кеңейтуге уағдаласты.