
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Брянск және Белгород облыстарына жұмыс сапары өтті.
Брянск облысының губернаторы Александр Богомазбен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Брянск облысының жетекші сауда әріптестерінің бестігіне кірді. Бірінші жартыжылдықта өзара тауар айналымы $28,5 млн құрады. Брянск машина жасау зауыты өндіретін магистральдық тепловоздарды Қазақстанға жеткізу табысты ынтымақтастықтың бірі ретінде атауға болады.
Тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы байланыстарды жандандыру дайындықтарын білдірді.
Дәурен Абаев Брянск қаласына сапары аясында "Партизанская поляна" мемориалдық кешеніне барып, Александр Богомазбен бірге неміс-фашистік басқыншылардан қала азат етушілерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері Брянск мемлекеттік аграрлық университеті ректорының міндетін атқарушысы Сергей Сычевпен және Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Владислав Кучмистыймен кездесулердің басты назарында болды. Дәурен Абаев қазақстандық жастар арасында Ресейде білім алуға сұранысын атап өтіп, республика үшін мамандар даярлағаны үшін алғысын білдірді. Елші аталған жоғары оқу орындарының қазақстандық студенттерімен оларды оқытудың түрлі аспектілерін талқылады және қойған сұрақтарға жауап берді.
Сапар соңында Дәурен Абаев Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің студенттері алдында дәріс оқыды.