ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары А.Громовпен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары А.Громовпен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары Алексей Громовпен кездесті.

Кездесу барысында жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды талқылады. Өңірлік интеграциялық бірлестіктерді қоса алғанда, Қазақстан мен Ресейдің екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Ресей көшбасшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жүйелі және дәйекті жұмыстың маңыздылығын атап өтті.