ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Руденкомен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Руденкомен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденкомен кездесті.

Көпжақты алаңдар, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралар кеңесі (АӨСШК) аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Тараптар қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін ШЫҰ күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдардың сәйкес келетіндігін растады.