
ҚР-дың РФ-тағы Елшілігінің дипломаттары қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың қайтыс болу күні сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген Дон зиратындағы бауырластар қабіріне гүл шоқтарын қойды.
"Алаш" партиясы жетекшілерінің бірі көмілген жері 1990-шы жылдардың басында "Ату тізімдері: Дон зираты. 1934-1940" кітабы шыққаннан кейін ғана құпиясыздандырылды.
Бөкейхановты 1937 жылы 27 қыркүйекте атып өлтіргені, бір "ату тізімінде" болған қазақтың басқа мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақовпен бірге жерленгені белгілі болды.
1989 жылы мамырда Бөкейханов КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.