
2023 жылғы 1 тамызда Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауданың оң динамикасын атап өтті.
Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, сондай-ақ ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның алдағы отырысына дайындық барысы қарастырылды.