
1 маусымда аталып өтілетін Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің балалар шығармашылық ұжымы өз жанкүйерлерін тағы да қуантты.
Қазақстан павильонында олардың оқу жылының аяқталуына байланысты есеп беру концерті өтті.
Балаларды қолдауға танымал жерлестеріміз – скрипкашы Лана мен блогер Аминка Витаминка келді. Атақты стендапшы Ксюша да шараның қонағы болды.
Талғампаз мәскеулік көрермен ұмытылмас әсер алып, қазақ мәдениетінің қайталанбас атмосферасына бөленіп, балалардың шығармашылығын жылы қабылдады.