
Мәскеуде Қазақстанның Елшілігінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ермек Көшербаев жақында тағайындалған Арменияның Ресейдегі Елшісі Вагаршак Арутюнянмен кездесті.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарын, оның ішінде ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ аясындағы мәселелерді талқылап, өзара мүдделі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.