ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің дипломаттары Ресейдің бірқатар аймақтарында болды

ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің дипломаттары Ресейдің бірқатар аймақтарында болды

Екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту аясында Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Ресейдің бірқатар аймақтарында болды.

Самара қаласында делегация III "Жас ғалымдар" Ресей-Қазақстан форумына қатысты. Шараның басты мақсаты – екі ел арасындағы халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту. Мазмұнды бағдарлама барысында түрлі пікірталастар, шеберлік сағаттары, тақырыптық сессиялар өтті. Нәтижесінде гуманитарлық, жаратылыстану және технология саласындағы жас ғалымдар арасында жаңа ынтымақтастық байланыстарын құру, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастық мәселелерінде олардың біліктілігін арттыру болады.

Красноярск қаласында облыстық индустрия, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және сауда министрліктерінің, туризм агенттігінің басшылығымен, сондай-ақ жергілікті іскер және банк топтарының өкілдерімен келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Екатеринбург қаласында дипломаттар қазақстандық "Цесна-Астық" концернінің өнімдері қойылған Translogistica Ural және InterFood Ural көрмелеріне қатысты. Свердловск облысының халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің өкілдерімен кездесу барысында облыстың тауар айналымында үшінші орында тұрған Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың оң серпіні атап өтілді.