
Қазақстан Елшілігіне Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Ресей Федерациясындағы жақында тағайындалған Елшісі Джанита Абейвикрема Лиянаге сыпайылықпен сапармен келді.
Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары талқыланып, екі жақты қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Кездесу соңында Шри-Ланка Елшісі Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, бейбітшілік пен гүлдену тіледі.