
Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне Фарер аралдарының Сыртқы істер және мәдениет министрі Йенис ав РАН бастаған делегациясы келді.
Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде наурыз айында Елшілікте делегациямен кездесу барысында қол жеткізілген келісімдер талқыланды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерін тарта отырып, өзара іс-қимыл дамуы қозғалды.
Сонымен қатар, Йенис ав РАН қазақстандық делегацияны 2022 жылдың мамыр айында Фарер аралдарының астанасында өтетін экономикалық форумға қатысуға шақырды.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.