
Қазақстан Елшілігіне Эквадор Республикасының Ресей Федерациясындағы жақында тағайындалған Елшісі Хуан Фернандо Ольгин Флорес сыпайылықпен сапармен келді.
Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екі ел арасындағы негізгі бағыттар талқыланып, қызығушылық тудырған мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.