
Қазақстан Елшілігіне Чили Республикасының Ресейдегі Елшісі Эдуардо Эскобар сыпайылықпен келді.
Қазақстан Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесу барысында екіжақты күн тәртібі, оның ішінде мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Дипломаттар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Чили Республикасы арасындағы байланысты да талқылады.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.
Кездесу соңында Чили Елшісі Қазақстан халқын Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады.