
Бүгін, 4 маусымда, көрнекті қазақстандық дипломат Карл Сәрсеновке 80 жыл толады. Осыған орай, мерейтой қарсаңында Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде шара өтті.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев мерейтой иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыс етті.
Елшіліктің дипломаттарымен кездесу барысында Карл Сәрсенов өзінің өмірбаяны мен кәсіби жолындағы басты белестер туралы айтып, әріптестеріне ел игілігі жолындағы жұмыстарына сәттілік тіледі.