
Мәскеудің орталығында, Чистопрудный бульварында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған фотокөрме өтуде.
Экспозицияда Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ мұрағаттарынан алынған бірегей фотосуреттері бар 16 екіжақты стенд ұсынылған.
М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының студенттері экспозициямен танысты.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Орталық Азия және Кавказ елдері кафедрасының меңгерушісі Жібек Сыздықова жеңіске қандай бағамен қол жеткізілгенін және қазақстандықтардың жауды жеңуге қандай үлес қосқанын жас ұрпақтың білуі маңызды деп санайды. Ол ел тағдыры шешілген кезде қазақстандықтар майданның ең алдыңғы шептерінде – Мәскеу мен Ржев маңында шайқасқанын еске салды.
Өз кезегінде аспирант Сергей Вдовин Қазақстандықтардың майданда да, тылда да жеңіске қосқан көп қырлы және ауқымды үлесін атап өтті.
Институт студенттері Любовь Белова мен Дарья Сапрынская ата-бабаларымыздың ортақ Жеңісіндегі ерлігін құрметтеуге және есте сақтауға шақырды. Сонымен қатар, олар Қазақстанның көрікті жерлерінің керемет суреттеріне тәнті болып, соның арқасында ел табиғатының қаншалықты бай және алуан түрлі екенін білді.
Институтта Қазақстан тілін үйреніп, мәдениетін, тарихын, экономикасын зерттеп жүрген Алена Малыш фотокөрменің қарапайым тұрғындар үшін ғана емес, сондай-ақ білікті мамандар үшін де қызықты әрі танымды екенін атап өтті.
Фотокөрме 23 мамырға дейін жалғасады.