
2021 жылғы 26 наурызда Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігінде Елші Ермек Көшербаев Ресейдегі ең ірі жылыжай көкөністерін өндіруші "Эко-культура" агроөнеркәсіптік холдингінің басшысы Александр Рудаковпен кездесті.
Кездесу барысында компанияның Түркістан және Алматы облыстарында ауданы 500 га жылыжай кешенін салу бойынша іске асырылып жатқан жобалары талқыланды.
Сол күні "РОСТ" компаниясының Бас директоры Сергей Рукинмен кездесу өтті, онда ресейлік бизнесмен Қазақстандағы Агрохолдингтің қызметін кеңейту жоспарларымен, оның ішінде Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан және басқа да облыстарда өнеркәсіптік жылыжайлар салу жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Ресейлік инвесторлар Қазақстанда жұмысты бастауға түрткі болған негізгі себептер – тартымды инвестициялық ахуал, еңбек ресурстарының қолжетімді болуы, энергия ресурстарының құны және қолайлы климаттық жағдайлар екенін атап өтті.