Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы талқыланды

2021 жылғы 25 Наурызда Елші Ермек Көшербаев РФ Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачевпен кездесті.

Кездесу барысында Е.Көшербаев К.Косачевты жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Тараптар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған Қазақстан мен Ресейдегі екіжақты іс-шаралар бойынша жүргізілетін жұмыстарды талқылады.

Сондай-ақ, тараптар ТМД және ҰҚШҰ аясындағы парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Е.Көшербаев Елшіліктің Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін қажетті көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.