ГУЛАГ тарихы музейінде кездесу

ГУЛАГ тарихы музейінде кездесу

2021 жылы 26 наурызда Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев ГУЛАГ тарихы музейінде болды.

Экспозицияны қарау және музей басшылығымен әңгімелесу барысында Елші ГУЛАГ-тың 36 лагерінің 11-і Қазақ КСР аумағында болғанын, оның ішінде АЛЖИР, Степлаг, Карлаг – ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері болғанын атап өтті. Қуғын-сүргін жылдары 5 миллионнан астам адам Қазақстан лагерьлеріне жер аударылды.

Елші қазақ халқы саяси қуғын-сүргін құрбандарын құрметпен еске алатындығын атап өтті. 31 мамырда Қазақстанда жыл сайын саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Тарих оқулықтарында зұлмат жылдар туралы айтылады, кітаптар шығарылады, фильмдер түсіріледі, қалалар мен ауылдарда мемориалдық стелалар орнатылады, мұражайларда тиісті экспозициялар ұйымдастырылады. Мұның бәрі қоғамның бейбіт эволюциялық дамудың құндылығын сезінуі және мұндай оқиғалардың қайталануына ешқашан жол бермеуі үшін өте маңызды екендігін атап өтті Ермек Көшербаев.

ГУЛАГ тарихы музейінің директоры Роман Романовпен кездесу барысында бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ГУЛАГ тарихы музейі мен ҚР "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Степлагтағы бұрынғы лагерь асханасының (қазіргі Жезқазған қаласы аумағында) қабырғаларында кескіндеменің бірегей фрагменттерін сақтау бойынша бірлескен жобаны жалғастыру мүмкіндігі қарастырылды. Бұрынғы КСРО аумағында 1950 жылдардағы мұндай қабырға суреттерінің баламалары әлі табылған жоқ.