ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану Институтымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану Институтымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Елшілікте Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев пен Ресей Ғылым академиясының Шығыстану институтының директоры Аликбер Аликберовтың кездесуі өтті.

Жылы, достық атмосферада өткен кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің теологтары-исламтанушылары арасындағы өзара әрекеттестікті орнататын ғылыми, білім беру, академиялық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бірлескен іс-шараларды, оның ішінде қазақстандық ғылыми мекемелердің қатысуымен конференциялар өткізу туралы келісімдер жасалды.