
Бүгін Ресейдегі Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаев "Валдай" халықаралық пікірталас клубын дамыту және қолдау қоры Кеңесінің Төрағасы, оның жыл сайынғы сессияларының модераторы Андрей Быстрицкиймен кездесті.
Ағымдағы қоғамдық-саяси үдерістер мен саясаттану ғылымындағы заманауи үрдістерді сараптамалық бағалаудың өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар қазақстандық және ресейлік сарапшыларың өзара ықпалдасуының қалыптасқан деңгейін позитивті деп атады және екі елдің талдамалық алаңдары арасындағы одан арғы диалогтың нығая түсетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар қонақ Елшіліктегі Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары мұражайының экспозициясымен танысты.