Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қатынастар орнаған күнін атап өтуде

Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қатынастар орнаған күнін атап өтуде

Бүгін, 22 қазан күні елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 28 жыл толып отыр.

Қазақстан мен Ресей халықтарын байланыстыратын достық пен өзара сыйластықтың дәстүріне сүйене отырып, екіжақты қатынастарымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне көтерілді.

Қазіргі ХХI ғасырдағы жаңа кезеңде стратегиялық серіктестік 2013 жылдың 11 қарашасында қол қойылған тату көршілік және одақтастық туралы шартқа негізделген.

Айта кетелік, бүгінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы саяси диалог пен жемісті ынтымақтастығымыз қарқынды дамып келеді.

Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық сенім мен өзара түсіністікке негізделген Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудағы маңызды мақсат болып табылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты серіктестікті нығайтудағы жетекші рөлді мемлекет, үкімет, министрліктер мен ведомстволар, бизнес құрылымдар басшыларының тұрақты кездесулері мен келіссөздері атқарады.

Ресей мен Қазақстан арасындағы қатынастардың барлық спектрін одан әрі дамыту, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде сындарлы өзара іс-қимыл, екі ел халықтарының түбегейлі мүдделеріне жауап беретіні сөзсіз.