Меню

Страницы

Статья

"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Қиын жағдайлар деп осындай оқиғалар түсініледі:

  • форс-мажорлық ахуалдарға орай пайда болған жағдайлар;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарын шет мемлекетке заңсыз әкелу;
  • Қазақстан Республикасына қарсы бағытталған құқыққа қайшы әрекеттер;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде денсаулығының нашарлауы және күтпеген қазасына әкеліп соғатын оқиғалар.

Қаржылық көмек түрлеріне төмендегідей шығыстар жатады:

  • шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына келу үшін көлік шығыстарын өтеу (экономкласты авиабилет құнынан аспайды);
  • аудармашы көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 15 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
  • адвокат көрсеткен қызметті өтеу (бір күнге 45 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);
  • бір жолғы материалдық көмек:

тамақтану (бір күнге 80 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

тұру (бір күнге 200 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

бірінші қажеттіліктегі заттар болмаған жағдайда, оларды сатып алу       (280 АҚШ долларына балама сомадан аспайды);

  • мүрдені бальзамдауға, мәйітханада сақтауға немесе болу елінде жерлеуге жұмсалатын шығыстарды төлей отырып, жүкті жөнелтуге, "200" жүгін ресімдеуге (Қазақстан Республикасына қайтыс болған азаматтардың табыттарын және күлімен сауыттарын жөнелту) жұмсалатын шығыстар.

Шетелдегі мекеме қаржылай көмек көрсетуден келесі жағдайларда бас тартады:

  • біле тұра жалған айғақтарды хабарлау;
  • қиын жағдайға тап болуына себеп болған Қазақстан Республикасы азаматының болу елінің заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттардың болуы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының кінәсінен болған оқиғалар (соның ішінде алкогольге немесе есірткіге мас болған жағдайда);
  • Азаматының ықтимал тәуекелдерді сезініп, өз еркімен қалуды растайтын фактілерді анықтағанда.
  • Өтініш (Қазақстан Республикасы азаматтарының, туыстарының немесе өзге де уәкілетті тұлғалардың өтініштері).
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
  • Болу елінің уәкілетті органдары берген және қиын жағдайдың басталуына байланысты қаржылық көмекке жүгіну мән-жайларына қатысы бар құжаттар.
  • Зорлық-зомбылық, денсаулығының нашарлауы не қайтыс болуы фактісі болған жағдайда, болу елінің медициналық не өзге де уәкілетті мекемесі берген құжаттар.
  • Өтініш түскен сәттен бастап 10 жұмыс күніне дейін

Құжаттарды алдын ала жазылу бойынша қабылдау: күнделікті (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін.

Дайын құжаттарды беру: сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекен-жайы: Мәскеу қ., Чистопрудный бульвары, 3А үй.

Консулдық бөлімге кіреберіс – Гусятников  көшесінде орналасқан және де "Тургеневская", "Чистые Пруды" и "Сретенский бульвар" метросының бекетіне жақын маңайда.

Телефон арқылы хабарласыңыз: +7 925 897 71 14 (қос.3)  09.00-ден 18.00-ге дейін және/немесе электрондық пошта:  consul.moscow@mfa.kz.

Дата публикации
09 июня 2025
Дата обновления
09 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасына кіруге электрондық рұқсатты ресімдеу тәртібі туралы
Ақпарат
21 апреля 2026
Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
13 апреля 2026
Ресейге жұмыс істеу немесе оқу мақсатында келетін қазақстандықтардың назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары