Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- Өтініш.
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның көшірмесі.
- Шет мемлекеттің азаматы паспорты және оның көшірмесі.
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі және оның көшірмесі (бар болған жағдайда).
Кәмелетке толмаған баланың атынан құжаттарды оның ата-анасы (Қазақстан Республикасының азаматы немесе бұрынғы азаматы) тапсырған жағдайда:
- Балаға арналған өтініш.
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның көшірмесі.
- Шет мемлекеттің азаматы паспорты және оның көшірмесі.
- Шетел азаматтығын алғаны туралы мөртаңбасы бар баланың туу туралы куәлігі және оның көшірмесі.
Қосымша:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігі болмаған немесе жоғалған жағдайда, өтініш беруші жазбаша түсініктеме және осы мән-жайды растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) ұсынады.
Азаматтың жеке деректері (тегі, аты, әкесінің аты) өзгерген жағдайда:
- Неке қию туралы куәлік және (немесе) атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік ұсынылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқаны туралы анықтама алу үшін қажетті құжаттар:
- Өтініш.
- Шет мемлекет азаматы паспортының көшірмесі.
- Консулдық алымның төленгенін растайтын түбіртек (төлем Консулдық бөлімде жүргізіледі).
Қосымша ақпарат:
❗️ Анықтама бес жұмыс күні ішінде дайындалады.
❗️ Азаматтар азаматтықты жоғалтуды тіркеуге арналған құжаттарды тапсырумен бір мезгілде анықтама алу туралы өтініш бере алады.
ЕСКЕРТПЕ: Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынылуға тиіс. Шет мемлекет азаматының паспортын аудару талап етілмейді.