Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:

1) Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама ( жүктеу). 

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты.

3) Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).

4) Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа).

5) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар (сілтеме). 

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

Соммасы -

Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері: 

– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 8000 Ресей рублі;

– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа):

• 1 жылға — 20000 Ресей рублі;
• 2 жылға — 40000 Ресей рублі;
• 3 жылға — 60000 Ресей рублі;
• 4 жылға — 80000 Ресей рублі;
• 5 жылға — 100000 Ресей рублі;

– туристік бір мәртелік виза –6000 Ресей рублі;

– туристік көп мәртелік виза – 9000 Ресей рублі;;

– транзиттік бір мәртелік виза – 2000 Ресей рублі;

– транзиттік көп мәртелік виза – 9000 Ресей рублі;

күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін

сенім телефонына хабарласыңыз:+7 925 897 71 14 (доб.4) 09.00-ден 18.00-ге дейін және/немесе E-mail: consul.moscow@mfa.kz.

 

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
14 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
Қазақстан Республикасына кіруге электрондық рұқсатты ресімдеу тәртібі туралы
Ақпарат
21 апреля 2026
Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жадынама
Ақпарат
13 апреля 2026
Ресейге жұмыс істеу немесе оқу мақсатында келетін қазақстандықтардың назарына!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары