1. Нормативтік негіз
2026 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 890 қаулыны қабылдады (бұдан әрі — қаулы).
Қаулымен Қазақстан Республикасына кіруге арналған электрондық рұқсат алу тәртібі айқындалады.
Қаулының толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2600000890.
2. Электрондық рұқсатты енгізу кезеңдері
Қаулының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен, оның ішінде Беларусь Республикасының азаматтары үшін, келетін шетел азаматтарына арналған электрондық кіру рұқсатын кезең-кезеңімен енгізу көзделген:
2026 жылғы 1 қарашадан бастап — Ақтау халықаралық әуежайы, «Үрлітөбе» (Павлодар облысы), «Аухатты» (Жамбыл облысы), «Атамекен» (Түркістан облысы) және «Нұрлы жол» (Жетісу облысы) автомобиль өткізу пункттері;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — Астана және Алматы халықаралық әуежайлары;
2027 жылғы 1 наурыздан бастап — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық қалған өткізу пункттері;
2027 жылғы 1 шілдеден бастап — қаулыда көзделген жағдайларда электрондық рұқсаттың міндетті түрде болуы.
Маңызды. 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 2027 жылғы 30 маусымға дейін электрондық рұқсатты рәсімдеу ұсынымдық сипатта болады. Осы кезеңде шетел азаматтарына оны алу тәртібі және өтпелі кезең аяқталғаннан кейін рұқсатты міндетті түрде рәсімдеу қажеттігі түсіндіріледі.
2027 жылғы 1 шілдеден бастап, қаулыға сәйкес оны алудан босатылған адамдарды қоспағанда, аталған тәртіп қолданылатын шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасына кіруге арналған электрондық рұқсатты міндетті түрде рәсімдеуге көшу көзделген.
Электрондық рұқсаттың болуы Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша елге кіруден бас тартуды жоққа шығармайды.
3. Электрондық рұқсатты рәсімдеу тәртібі
Электрондық рұқсат алуға арналған өтініш болжамды кіру күнінен кемінде 72 сағат бұрын App Store және Google Play платформаларынан жүктеп алуға болатын «QazETA» мобильді қосымшасы арқылы беріледі.
Электрондық рұқсатты рәсімдеу тегін түрде жүзеге асырылады.
Электрондық рұқсат 180 күнтізбелік күн мерзімге беріледі. Бұл ретте ETA жүйесін енгізу шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдерінің белгіленген тәртібіне өзгерістер енгізбейді.
4. Беларусь Республикасы азаматтарының келу және болу қағидалары
Электрондық рұқсатты енгізу Беларусь Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына кіруінің қолданыстағы қағидаларын, кіру құқығын беретін құжаттар тізбесін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуына рұқсат етілген мерзімдерді өзгертпейді.
Беларусь Республикасының азаматтары қолданыстағы кіру қағидаларында көзделген жарамды құжаттар бойынша Қазақстан Республикасына бұрынғы тәртіппен кіруге құқылы.
Беларусь Республикасы азаматтарының уақытша болу мерзімі әрбір 180 күнтізбелік күндік кезең ішінде 90 күнтізбелік күнді құрайды.
5.Электрондық рұқсат алудан босатылатын адамдар санаттары
Электрондық рұқсат алудан мынадай адамдар санаттары босатылады:
6. Қосымша ақпарат
«QazETA» цифрлық платформасы, өтініш беру тәртібі және электрондық рұқсатты рәсімдеу туралы өзекті ақпарат Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылады.
Электрондық рұқсатты рәсімдеу шетел азаматтарының келуі мен болуына қолданылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын сақтау міндетінен босатпайды.
«QazETA» цифрлық платформасының техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. Туындаған техникалық мәселелер бойынша өтініштер support@qazeta.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Ресми сайт: https://qazeta.kz/ru/eta.
Шетелдегі отандастар арасында «OQ Startup» үздік жобалар шығармашылық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
I.Байқаудың негізгі мақсаты
II.Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Анықтамада міндетті түрде келесі ақпараттар қамтылуы қажет:
III. Байқау мерзімі
Ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі, заңды мекенжайы: Беларусь Республикасы, Минск қаласы, Победителей даңғылы, 67 - автокөліктерді сату жөніндегі ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды.
Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.
Аукцион 2026 жылғы 23 қазанда сағат 11:00-де келесі мекенжайда өтеді: Беларусь Республикасы, Минск қаласы, Победителей даңғылы, 67.
Сатылатын мүлік туралы мәліметтер
№ 1 лот
Жеңіл автокөлік
Маркасы: Toyota Camry
Түсі: Қара
Шығарылған жылы: 2012
Жүрілген жолы: 233 520 км
Қозғалтқыш көлемі, отын түрі: 2500 см3, бензин
Жалпы жағдайы: техникалық жағынан жақсы, жөндеу қажет
Бастапқы бағасы: 4 124,93 (төрт мың жүз жиырма төрт) АҚШ доллары 93 цент.
Кепілдік жарна бастапқы бағаның 15%: 618,74 (алты жүз он сегіз) АҚШ доллары 74 цент.
Бастапқы бағаның 5% мөлшеріндегі аукцион қадамы: 206,25 (екі жүз алты) АҚШ доллары 25 цент.
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды.
2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.
Теңізге 17 әскери қызметшіні алып кеткен. Оның 14, өкінішке қарай қаза болды. Үш әскери қызметші құтқарылды.
Минск, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Минск қалалық атқару комитетінің төрағасы Владимир Кухаревпен кездесу өткізді.
Тараптар өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ Астана мен Минск арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, екі ел астаналарында жүзеге асырылып жатқан Минскідегі «Қазақстандық орам» және Астанадағы «Беларусь орамы» көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салу жөніндегі бірлескен жобаның іске асырылуы талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Т.Жақсылықов пен В.Кухарев өңіраралық ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екеніне және оны одан әрі белсенді әрі жүйелі түрде дамыту қажеттігіне сенім білдірді.
Минск, 2026 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Мятликовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі нығайту жөніндегі қадамдарды талқылады.
Сұхбаттастар Қазақстан мен Беларусьтің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу перспективаларын қарастырып, сондай-ақ көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.
Тараптар Қазақстан-Беларусь стратегиялық әріптестігін одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растап, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Минск, 2026 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Утюпинмен кездесті.
П.Утюпин қазақстандық тарапты ел тарихындағы Құрылтайға алғашқы сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковтың Қазақстан Республикасының жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге жолдаған құттықтау хатын табыстады.
Кездесу барысында қатысушылар Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Алдағы екіжақты және көпжақты іс-шараларға дайындық барысына ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастардың дәстүрлі достық сипатын атап өтіп, көпжақты Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын нығайту және одан әрі кеңейту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Алдағы жексенбі күні елімізде жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға.
Еліміз соңғы жылдары ауқымды реформаларды жүзеге асырып, жарқын болашаққа батыл қадам басып келеді. Біз бірлік пен келісімнің және ынтымақтың арқасында Әділетті Қазақстанды құру ісінде зор жетістікке жеттік. Халық Конституциясы күшіне енді, еліміздің даму бағдары өзгерді. Дегенмен атқаратын жұмыс әлі де көп.
Бұл сайлау халқымыздың игілігіне қызмет ететін тың реформаларға бастау болып, қазіргі Қазақстан жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады.
Мен партиялардың барлығы дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуі үшін Құрылтай сайлауы өтетін уақытты ертерек хабарладым.
Сондықтан Құрылтайдың алғашқы сайлау науқаны мазмұнды, ашық, бәсекеге толы әрі өркениетті сипатта өтті. Ел азаматтарының сайлау туралы пікірі осындай болды.
Бұл сайлау ел тарихындағы ең тартысты науқандардың бірі ретінде есте қалатыны анық. Партиялар сайлаушылармен кездесу кезінде, сондай-ақ ақпараттағы үгіт-насихат, жалпыұлттық теледебаттар, әлеуметтік желідегі пікірталастар барысында өз бағдарламаларын кеңінен әрі дәйекті түрде таныстырды.
Бір сөзбен, азаматтарымыз партиялардың ел болашағына қатысты ұстанымын мұқият зерделеуге мүмкіндік алды. Саяси ұйымдардың экономикадан бастап мәдениет саласына дейін қамтыған бастамаларын бағалап-бағамдады.
Сайлауалды науқан еліміздегі қоғамдық күн тәртібі өзгергенін, жасампаздық пен өркендеу идеясы мемлекет саясатының арқауына айналғанын айқын көрсетті. Жұрт алдына жаңа тұлғалар шықты, ұтымды ұсыныстар айтыла бастады. Бұл – түбегейлі саяси жаңғырумен қатар, ұлтымыздың қайта жанданған пассионарлық қуатын танытатын маңызды нышан.
Қоғамдық пікірталасқа жастарымыз, кәсіби қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлер де белсенді қатысты. Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін.
Жалпы, халқымыздың саяси мәдениеті артып, жұртымыз мемлекеттік басқару ісіне атсалыса бастады. Бұл біз бір ел болып жүргізген реформалардың тікелей нәтижесі екені сөзсіз.
Азаматтарымыз қастерлі Отанымыздың тағдырына шынайы жанашырлық танытып, еліміздің келешегіне жауапты екенін терең сезінуге тиіс. Сонда ғана Қазақстан одан әрі қарыштап дамиды.
Сайлау науқаны отандық және халықаралық байқаушылардың жіті назарында болды. Олар дауыс беру күні де учаскелерде болады.
Біз «Заң мен Тәртіп» қағидаты үстемдік құратын, халық үніне құлақ асатын, саяси және қоғамдық институттары тиімді жұмыс істейтін мемлекет құрып жатырмыз.
Жалпыхалықтық дауыс берудің қорытындысы бойынша Құрылтайға кәсіби мамандар мен отаншыл азаматтар сайланады деп кәміл сенемін.
Құрылтай әралуан көзқарас пен ұлт келешегі жолындағы ұмтылыстар тоғысатын біртұтас алаң болуға тиіс. Осылайша, Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беретін құрылымға айналмақ.
Біз геосаяси шиеленіс ширығып, жаһандық сын-қатерлер күшейе түскен кезеңде бет алған бағытымыздан таймай, тек алға қарай жүруіміз қажет. Қазақстанды әлемдегі нағыз озық мемлекеттердің қатарына қосу үшін ауқымды жұмыс атқаруымыз керек, яғни ұлттық стратегиямызды табысты жүзеге асыруымыз қажет.
Адамдар көп жағдайда қабылданған маңызды шешімдердің шынайы құндылығын жылдар өткен соң ғана түсінеді. Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін дәл осындай бетбұрысты сәт болады.
Біз Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңге қадам басамыз. Осындай тағдыршешті сәтте әр адамның дауысы маңызды екені сөзсіз.
Құрметті отандастар, еліміздің келешегі әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болмақ. Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз. Дүние жүзінде миллиондаған адам өз сайлау құқы үшін күресуде.
Қазақта «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал бар. Азаматтарды, әсіресе, жастарды сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға, яғни Қазақстанның табысты дамуына үлес қосуға шақырамын.
Халқымыздың дауысы қастерлі Отанымыздың тұғырын бекемдеуге, нағыз озық ел болуымызға тікелей ықпал етері анық.
Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!
Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын!
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған форум ТМД Үкімет басшылары кеңесінің шешімі негізінде Достастық елдерінің волонтерлік бастамаларын біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін жыл сайынғы алаң ретінде құрылды.
Форумның ашылуында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтауын оқып берді. Президент маңызды іс-шараның Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық еріктілер жылында өтіп отырғанына назар аударды. Бұл волонтерлердің әлеуметтік, гуманитарлық және экологиялық мәселелерді шешудегі орасан зор рөлінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.
«Қазақстан осы форумды өткізуді ұсына отырып, ТМД елдерінің волонтерлері тұрақты түрде тәжірибе алмасып, ортақ бастамаларын халықаралық деңгейде бірлесе ілгерілететін алаң құруды мақсат етті. Біз үшін достықты нығайтып, ынтымақ, мейірімділік пен жанашырлық сияқты ізгі құндылықтарды қоғамға терең сіңіру айрықша маңызды. Қазақстанда волонтерлік адам әлеуетін дамытуға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және қоғамда жанашырлыққа негізделген жаңа қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді. 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияда еліміздің тарихында алғаш рет волонтерлік қызметті мемлекеттік қолдау ең жоғары құқықтық деңгейде бекітілді», – делінген құттықтау хатта.
Форумның ашылуында Аида Балаева Қазақстанда волонтерлік қозғалыстың жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы маңызды кезеңдердің бірі – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жылдың Волонтер жылы болып жариялануы. Сол жылы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзінде Даму мақсатындағы волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялауды ұсынған болатын. Бүгінде осы бастаманың нақты әрі ауқымды нәтижесін көріп отырмыз. Соңғы алты жылда еліміздегі белсенді волонтерлер саны алты есе өсіп, 50 мыңнан 300 мың адамға жетті. Волонтерлік ұйымдар саны үш есе артып, 810-ға, ал волонтерлік топтар саны он есе көбейіп, 3,5 мыңға жетті.
«Осы жылдар ішінде Қазақстанда волонтерлік қозғалысты одан әрі дамытуға қажетті жүйелі негіз қалыптасты. «Волонтерлік қызмет туралы» заң қабылданып, қолдау инфрақұрылымы дамып келеді, білім беру және гранттық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Ендігі міндет – қозғалыстың ауқымын кеңейтіп қана қоймай, волонтерлікті қоғам өмірінің қолжетімді әрі табиғи бөлігіне айналдыру. Волонтерлік қауымдастықпен бірлесіп әзірленіп жатқан Волонтерлік қозғалысты дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы дәл осы мақсатқа бағытталған. Құжатта кәсіби және салалық волонтерлікті өркендетуге, көшбасшылар даярлауға, қолдау тетіктерін жетілдіруге және заманауи цифрлық құралдарды пайдалануға басымдық беріледі. Соның ішінде әр адамның жинақтаған тәжірибесін, құзыреттері мен қосқан үлесін жүйелеуге мүмкіндік беретін волонтердің цифрлық паспортын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде», – деді Премьер-министрдің орынбасары.
Сонымен қатар Аида Балаева бүгінде 100 мыңнан астам азаматты біріктіріп отырған экологиялық волонтерліктің негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Бұл саланың өркендеуіне жалпыұлттық «Таза Қазақстан» қозғалысы айрықша серпін берді. Қозғалыс аясында 1,5 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізіліп, 2 млн тоннаға жуық қалдық жиналды. 2,8 млн гектардан астам аумақ тазартылып, 4,5 млн-ға жуық ағаш егілді.
«Келесі қадам – елдеріміздің волонтерлік қауымдастықтары арасында нақты ынтымақтастық орнату. Біз бірлескен жобаларды дамытып, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасуға, көшбасшылар мен үйлестірушілерді даярлауға тиіспіз. Сонымен қатар волонтерлік тәжірибе қоғам тарапынан лайықты бағаланып, әр адамның білім алуы мен кәсіби дамуының бір бөлігіне айналуы қажет», – деді Аида Балаева.
Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары форум қорытындысы бойынша экология, әлеуметтік және инклюзивті қолдау, сондай-ақ жастар волонтерлігі бағыттарындағы бірлескен бастамалардың тізбесін әзірлеуді ұсынды.
Алғашқы жобалардың бірі ретінде ТМД елдері волонтерлерінің қазан айында өтетін Арал маңы табиғатын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық волонтерлік аптаға қатысуы ұсынылды.
Айта кетейік, алғашқы форумның негізгі тақырыбы – «Волонтерлік арқылы бірлік: серіктестік, сенім, даму». Іс-шарада экологиялық жобаларға, инклюзивті және мәдени волонтерлікке, сондай-ақ ТМД кеңістігіндегі халықаралық волонтерлік бастамаларды дамытуға баса назар аударылды. Екі күнге созылатын форум аясында панельдік сессиялар, тақырыптық пікірталастар және табысты волонтерлік тәжірибелердің таныстырылымдары өтеді. ТМД волонтерлерінің форумы алдағы уақытта тәжірибе алмасуға, волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған жыл сайынғы алаңға айналады деп жоспарланып отыр. Форумды Достастық елдері ротациялық тәртіппен кезек-кезек өткізетін болады.
Астана, 2026 жылғы 19 тамыз – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ТМД-ның бірінші волонтерлер форумына қатысуға келген БҰҰ Еріктілер бағдарламасының (БҰҰЕБ) Атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның бастамасымен жарияланған Орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылын өткізу аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Т.Курбанов Қазақстанның волонтерлік қозғалысты жаһандық деңгейде ілгерілетудегі көшбасшылық рөлін жоғары бағалап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарар қабылдауын халықаралық еріктілік күн тәртібін дамытуға қосылған елеулі үлес ретінде атап өтті.
Әңгімелесушіге Қазақстанның экологиялық еріктілік саласындағы жетістіктері, атап айтқанда, Каспий теңізін сақтау және Арал маңы өңірін қалпына келтіру жөніндегі бастамалар мен жобалар, сондай-ақ азаматтық қоғамды жұмылдырудың үлгісіне айналған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы таныстырылды.
Тараптар қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ның халықаралық агенттіктерінің қызметіне, оның ішінде БҰҰЕБ-ның Толық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде, қатысуын күшейту мәселесін талқылады. Сонымен қатар Қазақстанның еріктілік бастамаларын БҰҰЕБ-ның Арнайы қоры арқылы ілгерілетуге қатысуын кеңейту жөнінде уағдаласты.
Тараптар 2026 жылдан кейінгі кезеңде ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде еріктілік күн тәртібін одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады. Т.Курбанов БҰҰЕБ-ның Қазақстанның еріктілік саласындағы тәжірибесін халықаралық деңгейде одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін білдірді.