Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық наурызнама декадасы басталады

Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық наурызнама декадасы басталады

14 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық наурызнама декадасы басталады. «Наурызнама» - Ұлы  даланың бай дәстүрлерін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше мереке. Бұл мейрам түрлі жастағы және әлеуметтік топтағы адамдарды біріктіріп, бірлік, өзара түсіністік пен құрмет атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.

Декаданың әр күні халқымыздық рухани және мәдени байлығын айшықтайтын белгілі бір тақырыпқа арналған:

Амал күні

Қайырымдылық күні

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Шаңырақ күні

Ынтымақ күні

Ұлттық киім күні

Жаңару күні

Ұлттық спорт күні

Жыл басы

 Тазару күні

Биыл «Наурызнама» аясында еліміз бойынша халқымыздың дәстүрін, мәдениеті мен тарихын насихаттайтын 1500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.