Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусьтегі қазақстандық «Neo Bank» басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусьтегі қазақстандық «Neo Bank» басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді

Минск, 2025 жылғы 5 наурыз - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусьтегі қазақстандық «Neo Bank» басшылығымен – Директорлар кеңесінің Төрағасы Сұлтан Мареновпен және Басқарма Төрағасы Александр Титовпен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын, сондай-ақ «Neo Bank»-тің Беларусь банк секторындағы негізгі қазақстандық активтердің бірі ретіндегі рөлін талқылады.

Кездесуде инвестициялық жобаларды қолдауға, қаржы сервистерін дамытуға және Астана мен Минск арасындағы сауда операциялары саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

«Neo Bank» басшылығы қазақстандық компаниялармен және мемлекеттік институттармен әріптестік байланыстарды тереңдетуге қызығушылық білдіріп, банкаралық аударымдар саласында тиімді шешімдер ұсынуға дайын екендігін атап өтті.

 С.Маренов заманауи технологиялық базасы мен халықаралық тәжірибесі бар банк екіжақты экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесуге бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол банктің екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы, оның ішінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықта кепіл болуға дайын екенін атап өтті.

Т.Жақсылықов Беларусь қаржы секторында қазақстандық капиталдың болуының маңыздылығын атап өтіп, «Neo Bank» басқарудың қазақстандық тәсілдерін жергілікті нарықты терең түсінумен ұштастыра отырып, жұмыстың жоғары стандарттарын көрсететінін атап өтті: «Банктің Беларусь экономикасына одан әрі интеграциялануы шағын және орта кәсіпорындарды, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобаларды қоса алғанда, екі елдің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады».

«Neo Bank» - Беларусь Республикасындағы қазақстандық капиталы бар жалғыз банк.