
Минск, 2025 жылғы 4 наурыз - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Ұлттық биотехнологиялық корпорациясына (БҰБК) барды.
БҰБК бас директоры Сергей Ложечникпен кездесуде осы салада тәжірибе алмасуды қоса алғанда, биотехнология саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды дамыту мәселелері қаралды.
БҰБК басшылығы Корпорацияның Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін пайдалы болуы мүмкін биотехнологияларды әзірлеу және енгізу саласында бірегей құзыреттерге ие екендігін атап өтіп, қазақ әріптестерімен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Т.Жақсылықов Беларусь Ұлттық биотехнологиялық корпорациясы биотехнология саласындағы өңірдегі негізгі ойыншылардың бірі бола отырып, Қазақстан үшін маңызды серіктес бола алатынын атап өтті. Биотехнология саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Беларусь арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететініне, сондай-ақ бизнес пен ғылыми алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер жасайтынына сенім білдірді.
БҰБК - агроөнеркәсіптік кешенге арналған инновациялық өнімдерді өндіруге маманданған Беларусьтің биотехнология саласындағы жетекші кәсіпорны. Қызметтің негізгі бағыттарына жемшөп қоспаларын, био тыңайтқыштарды, аминқышқылдарын және басқа да биотехнологиялық шешімдерді әзірлеу және өндіру жатады.
Корпорация Беларустың жоғары технологиялық ауыл шаруашылығын дамытуда шешуші рөл атқарады және биотехнологиялық өнімдердің жаһандық нарығының маңызды қатысушысы болып табылады.
БҰБК-ның өндірістік қуаты халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Корпорация жаңа өнімдерді құру және қолданыстағы технологияларды оңтайландыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.