Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь әмбебап тауар биржасының (БӘТБ) Басқарма Төрағасы Александр Осмоловскиймен кездесу өткізді

Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь әмбебап тауар биржасының (БӘТБ) Басқарма Төрағасы Александр Осмоловскиймен кездесу өткізді

Минск, 2025 жылғы 24 ақпан - Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь әмбебап тауар биржасының (БӘТБ) Басқарма Төрағасы Александр Осмоловскиймен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың БӘТБ алаңындағы сауда-саттыққа қатысу мүмкіндіктерін талқылады. Бұл тұрғыда қазақстандық тауарлардың экспортын ұлғайту перспективаларына ерекше назар аударылды.

А.Осмоловский БУТБ-ның қазақстандық компаниялар үшін сенімді Беларусь серіктестері мен сатып алушыларын іздеуге жәрдемдесуге дайындығын атап өтті.

Т.Жақсылықов БӘТБ өңірдегі жетекші сауда алаңдарының бірі бола отырып, Қазақстан мен Беларустің тауар айналымын ұлғайту мен өзара жеткізу номенклатурасын кеңейтудегі елеулі әлеуетін іске асыру үшін маңызды құрал бола алатынын атап өтті.

Сондай-ақ Тараптар БӘТБ цифрлық платформаларының сауда операцияларының тиімділігі мен ашықтығын арттыру мүмкіндіктерін қарастырды. Мәмілелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін блокчейн сияқты заманауи технологияларды енгізу мәселелері қозғалды.

БӘТБ – Беларустегі жалғыз тауар биржасы және Шығыс Еуропадағы ең ірі спот (тауар) биржасы. Оның алаңындағы барлық мәмілелер тауарды төлеу  мен физикалық жеткізумен аяқталады.

Жыл сайын БӘТБ-де шамамен 4,5 млрд. АҚШ долл. тұратын
500 мыңнан астам мәміле жасалады.

Бұл ретте Биржаның клиенттік базасында әлемнің 79 елінен 8 мыңға жуық резидент ұйымдарды қоса алғанда, 35 мыңнан астам компания бар.

2025 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша БӘТБ алаңында 153 қазақстандық резидент тіркелген, бұл Қазақстан бизнесінің биржа мүмкіндіктеріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын және екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығайғанын көрсетеді.