Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасы Игорь Сергеенкомен кездесті

Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасы Игорь Сергеенкомен кездесті

Минск, 2025 жылғы 17 ақпан - Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдер Палатасының Төрағасы Игорь Сергеенкомен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

Екіжақты өзара ынтымақтастығының маңызды құралы -парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды.

Т.Жақсылықов Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, елдерімізді достық пен өзара сенімнің көпжылдық ынтымақтастығы байланыстыратынын жеткізді. Елші қазақ тарапының экономиканы дамытуға және екі ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға дайындығын білдірді.

И.Сергеенко өз кезегінде Беларустің қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға бейілділігін растап, Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық өзара түсіністік пен қолдау рухында одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Тараптар екі елдегі сайлау процестерінің мониторингіне Қазақстан және Беларусь бақылаушыларының қатысуын атап өтіп, тәжірибе алмасудың және осы саладағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша парламентаралық ынтымақтастық желісі бойынша 2025 жылға арналған ресми іс-шаралар кестесі қаралды.