Минск, 4-8 ақпан - Қарағанды жоғары политехникалық колледжі мен Қарағанды облысы Шахтинск технологиялық колледжінің басшылары мен оқытушыларының Беларуске сапары өтті.
5 ақпанда Шахтинск технологиялық колледжі мен Минск Мемлекеттік техника және құрылыс технологиялары колледжінің бірлескен жобасы – "Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «EduWelding» инновациялық білім беру платформасының тұсаукесері өтті. Жоба серіктес колледж студенттері мен оқытушылары үшін дәнекерлеу саласындағы оқу материалдарына, заманауи технологиялар мен әдістемелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық білім беру кеңістігін құруға бағытталған.
6 ақпанда Қарағанды облысы колледждерінің директорлар кеңесі мен Минск қалалық колледж басшыларының кеңесі арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Салтанатты шараға Қазақстанның Беларустегі Елшілігінің кеңесшісі Ю.Черкасов және Минск қалалық Атқарушы комитеті Білім комитетінің Төрағасы М.Ильина қатысты.
Сапар барысында қазақ делегациясы Минск мемлекеттік коммуналдық шаруашылық және көліктік қызмет көрсету технологиялары колледжімен және Минск мемлекеттік механика-технологиялық колледжімен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Қазақстан өкілдері Республикалық кәсіптік білім беру институтының индустриалды-педагогикалық колледжінің филиалына және Н.Кедышко атындағы Минск мемлекеттік қолөнер және дизайн колледжіне барды.