"Победа" мұражай-саябақ кешенінде Беларусь халқының жауынгерлік және еңбек даңқы орындарымен жүретін 60-шы халықаралық "жұлдызды жорықтың" басталуына арналған митинг өтті

"Победа" мұражай-саябақ кешенінде Беларусь халқының жауынгерлік және еңбек даңқы орындарымен жүретін 60-шы халықаралық "жұлдызды жорықтың" басталуына арналған митинг өтті

Минск, 2025 жылғы 28 қаңтар - Минск қаласының «Победа» мұражай-саябақ кешенінде Беларусті неміс-фашистік басқыншылардан азат еткен барлық ұлттардың азаматтарының құрметіне арналған ескерткіште Беларусь халқының жауынгерлік және еңбек даңқы орындарымен жүретін 60-шы халықаралық «жұлдызды жорықтың» басталуына арналған митинг өтті.

Белорус мемлекеттік педагогикалық университеті 1966 жылдан бастап әр қыста студенттер мен оқытушылардың «жұлдызды жорықтарын» студенттік жастарды азаматтық және патриоттық тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес халқының батырлығын еске алу мақсатында өткізеді.

2015 жылдан бастап жорық халықаралық сипатқа ие болды: отрядтар құрамында әр жылдары Белорус мемлекеттік педагогикалық университетінің шетелдік студенттері, сондай-ақ Армения, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген серіктестердің жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Биыл 29-31 қаңтар аралығында 11 жасақтан (300-ден астам студенттер мен оқытушылар) тұратын «жұлдызды жорыққа» Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері А.Дәулетбаев, Е.Қалабаев, Д.Құсайынова және В.Рублевская, топ жетекшісі – ЕҰУ Археология және этнография кафедрасының доценті С. Раздыко қатысты.

Науқанға қатысушылар соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесіп, митингілер өткізіп, соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт тұрғындардың қабірлеріне гүл шоқтарын қояды. Білім беру мекемелерінде сабақтар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, шеберлік сыныптар, спорттық жарыстар мен концерттік бағдарламалар өтеді. Шетелдік студенттер Беларусь мәдениеті мен дәстүрлерімен танысып, өз елінің тарихы мен дәстүрлері туралы айтып, мемориалдық кешендер мен ескерткіштерге барып, Беларусті азат етуге қатысқан отандастары туралы біле алады.

Митингке қатысушыларды құттықтай отырып, Қазақстанның Беларустегі Елшілігінің кеңесшісі Р.Ғазизов осындай іс-шаралардың жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге қосқан баға жетпес үлесін атап өтіп, қазақстандықтарға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жерлестеріміздің ерліктеріне құрметпен қарағаны үшін, ескерткіштер мен ескерткіш тақталар орнатылған бауырлас белорус халқына алғысын білдірді.