Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Көлік және коммуникация министрі Алексей Ляхновичпен кездесті

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Көлік және коммуникация министрі Алексей Ляхновичпен кездесті

Минск, 2025 жылғы 21 қаңтар - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Көлік және коммуникация министрі Алексей Ляхновичпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар көлік саласын дамытудың, оның ішінде ЕАЭО және ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастық желісі бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Т.Жақсылықов Астана мен Минск арасындағы экономикалық әріптестікті тереңдетудегі көлік саласының маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстан өзінің стратегиялық географиялық жағдайының арқасында теміржол және автомобиль магистральдарын қоса алғанда, көлік инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ қазіргі заманғы логистикалық орталықтарды құруға белсенді инвестиция салатынын атап өтті. Бұл шаралар елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге және Азия мен Еуропаны байланыстыратын тиімді көлік дәліздерін қалыптастыруға бағытталған.

Өз тарапынан А.Ляхнович екі елдің көлік ағындарын ұйымдастырудағы және логистикалық инфрақұрылымды дамытудағы табысты тәжірибесіне назар аударды және Қазақстан мен Беларустің көлік саласындағы бірлескен күш-жігері транзиттік маршруттарды оңтайландыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Бұл, өз кезегінде, тауар айналымының өсуіне және өңірлер арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал ететін болады.

Тараптар көлік саласын дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылап, көлік-логистика саласында синергетикалық әсерге қол жеткізу үшін ЕАЭО және ТМД шеңберіндегі күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер соңында кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты белсенді дамыту, екі елдің көлік инфрақұрылымын жаңғырту және транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдау ниетін растады.