
Минск, 2024 жылғы 20 желтоқсан - Қазақстанның Беларустегі Елшілігінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Елші Тимур Жақсылықовтың баспасөз конференциясы өтті.
Кездесу басында Елші халықтың әл-ауқатын арттыруға, әділ және инклюзивті қоғам құруға бағытталған ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы хабардар етті. Сыртқы саясатта Қазақстан бейбіт және теңгерімді бағытты берік ұстанады. Ұлттық мүдделерге сәйкес Қазақстан барлық халықаралық әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге мүдделі.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Т.Жақсылықов Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастарда болып жатқан процестерді егжей-тегжейлі баяндап, олардың екіжақты деңгейде де, көпжақты форматтарда да өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша табысты және серпінді дамуын атап өтті.