Қазақстанның Беларустегі Елшілігі «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды

Қазақстанның Беларустегі Елшілігі «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды
Минск, 2024 жылғы 19 желтоқсан Қазақстанның Беларустегі
Елшілігі Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай қазақтың атақты ақыны
Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы баяндайтын «Жамбыл. Жаңа дәуір»
фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.
Фильм Минск қаласының «Победа» кинотеатрында 180 көрерменнің
қатысуымен өтті. Оған Беларусте аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер
мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, қазақ
диаспорасы өкілдері мен Беларусь жоғары оқу орындарының студенттері
қатысты.
Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов өзінің құттықтау
сөзінде халықтың әл-ауқатын арттыруға, әділ және инклюзивті қоғам құруға
бағытталған ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды
қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы
жетістіктері туралы айтты.
Елші аты аңызға айналған Жамбыл Жабаев туралы ол ұлттық көркем
сөзді жаңа биікке көтерген ұлы қазақ ақындарының бірі екенін атап өтті.
Ұрпақтар сабақтастығын ұлы өнермен ұштастырған оның мұрасы қазақ
ұлтының рухани игілігі болып табылады.
Ұсынылған кинокартина басты кейіпкер мен тарихи дәуірдің жарқын
бейнесін жеткізе отырып, қазақ кинематографистерінің жоғары көркемдік
стилін белгілей өтіп, көрермендердің көңілінен шықты.
Фильм көрсетілмес бұрын Елшілік Қазақстанның бірегей бейнесін –
бай тарихи-мәдени мұрасы бар заманауи, қарқынды дамып келе жатқан елді
ілгерілету туралы «Kazakhstan Born Bold» халықаралық имидждік науқанын
таныстырды. Бұл бастама Қазақстанның бүкіл әлемге ашықтығын және түрлі
салалардағы ынтымақтастыққа дайындығын атап өтіп, қонақтардың
қызығушылығын тудырды