
Минск, 2024 жылғы 14 желтоқсан - Елшілік көп балалы отбасыларға, ауыр науқас балалар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсететін Елшілердің, дипломаттардың және шетелдік өкілдердің әйелдерінің Минск Халықаралық әйелдер клубы ұйымдастырған Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараға шет елдердің 18 дипломатиялық өкілдігі қатысып, мәдени-танымдық стендтер ұйымдастырды, бірегей кәдесыйлар сатылып, келушілерді ұлттық тағамдармен таныстырды. Жәрмеңкені қайырымдылық комитетінің құрметті Төрағасы, Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрінің жұбайы Наталья Рыженкова ашты.
Қазақстан Елшілігі кәдесый және аспаздық өнімдер ұсынды. Жәрмеңкеге келушілердің ерекше қызығушылығын қазақтың дәстүрлі киімдері, ұлттық ою-өрнектері бар әшекейлер, киізден жасалған бұйымдар, сондай-ақ түрлі ұлттық тағамдар тудырды. Қазақ диаспорасы концерттік бағдарлама ұсынды.
Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат Елшілердің, дипломаттардың және шетелдік өкілдердің әйелдерінің Минск Халықаралық әйелдер клубына қайырымдылық мақсаттарға берілді.