
Минск, 2024 жылғы 10 желтоқсан - Қазақстанның Беларустегі Елшілігінде Беларустің мемлекеттік органдары, ғылыми және білім беру топтары, дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2024 жылы атап өтілетін «Беларусь бүгін» баспа үйімен бірлесіп Елшілік дайындаған «Қазақстандықтар Беларусь үшін шайқаста» интернет-жобасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба Беларусте өткен елдің неміс-фашистік басқыншылардан азат етілуінің 80 жылдығына және 2025 жылы өтетін Ұлы Жеңістің мерейтойына орайластырылған.
Сөз сөйлеу барысында Қазақстан Елшісі Тимур Жақсылықов Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап майданда жаумен соғысып, тылда жанқиярлықпен еңбек еткенін атап өтті. Қазақстаннан 500-ге жуық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды, олардың 84-і Беларусь үшін шайқаста жасаған ерліктері үшін осы жоғары атаққа ие болды. «Қазақстандықтар Беларусь үшін шайқаста» интернет-жобасы kazakhstanbelarus.by біздің бостандығымызды қорғаған Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің батылдығы мен жауынгерлік бауырластығы туралы естеліктерді сақтауға, болашақ ұрпаққа шынайы патриотизм мен достық құндылықтарын беруге арналған.
Т.Жақсылықов Елшіліктің Беларусте соғысқан қазақстандық жауынгерлер туралы ақпарат жинау және есте сақтау жөніндегі тұрақты жұмысы туралы хабарлады. 1990-шы жылдардан бастап Елшіліктің бастамасымен Қазақстандықтардың ерліктеріне арналған ондаған кітаптар жарық көрді. Олардың көпшілігін Елшілік мұражайының экспозициясынан көруге болады.
Өз кезегінде, Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Кеңесінің Халықаралық істер және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, «Беларусь бүгін» баспа үйінің директоры – бас редакторы Дмитрий Жук Қазақстан жауынгерлерінің Беларусті азат етуге қосқан ерекше үлесін және Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы жеңісіне қол жеткізудегі маңызды рөлін атап өтті: «... ұсынылған интернет-жоба бізге ұлт ретінде сақталып, өмір сүруге көмектескен адамдарға құрмет ретінде саналады».
Ол 1,5 мыңнан астам қазақстандықтардың Беларусь партизандық құрамаларының құрамында соғысқанын, олар туралы ақпарат partizany.by «Беларусь бүгін» баспа үйі және «Беларусь партизандары» Ұлттық мұрағаты бірегей интернет-жобадасында бекітілетінін хабарлады.
Қазіргі уақытта Кеңес Одағының 84 батырының ерліктері туралы ақпаратты қамтитын «Қазақстандықтар Беларусь үшін шайқаста» интернет-жобасының авторлары оны Беларусті азат ету үшін күрескен қазақстандық жауынгерлер туралы мақалалармен, естеліктермен, тарихи құжаттармен толтыруды жоспарлап отыр.