Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Брест облысы басшылығының шақыруымен облыстың 85-жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Брест облысы басшылығының шақыруымен облыстың 85-жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Брест қ., 2024 жылғы 4-5 желтоқсан – Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Брест облысы басшылығының шақыруымен облыстың 85-жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Брест облыстық атқару комитетінің Төрағасы Петр Пархомчикпен кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени саладағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, сондай-ақ өзара тиімді әріптестікті кеңейту перспективаларын талқылады.

Облыс басшылығы өңірдің экономикалық, туристік және мәдени әлеуетін таныстыруды ұйымдастырды, сондай-ақ оның медициналық, білім беру және спорттық инфрақұрылымының дамуы туралы хабардар етті.

П.Пархомчик Брест өңірінің Қазақстанмен іскерлік байланыстарды қолдауға және қазақстандық серіктестердің сұраныстарына жедел ден қоюға дайындығын атап өтті. Оның ақпараты бойынша, Брест облысы мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 2024 жылғы қаңтар-тамызда 126,3 млн. долларды құрады: «Брест Қазақстанға «Гефест», «Санта Бремор» және «Савушкин өнімі» сияқты танымал брендтердің өнімдерін экспорттайды. Өз кезегінде Қазақстан көлік құралдарын, мақта талшығын, қант сироптарын және басқа да тауарларды жеткізеді».

Елші Т.Жақсылықов Брест облысының басшылығын өңірдің мерейтойымен құттықтап, Қазақстан мен Беларус»тің тарихи және стратегиялық байланыстарды біріктіретінін атап өтіп, жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Брест облысының қазақстандық тауарлар үшін Еуропаға баратын жолдағы транзиттік орталық ретіндегі маңыздылығын атап өтті. «Брест облысы - Қазақстанның Еуропаға қақпасы. Брест өнімдері жоғары сапалы және кең ассортименті арқасында Қазақстанда үлкен сұранысқа ие. Біз ауыл шаруашылығында, құрылыста және басқа салаларда бірлескен жобаларды дамытуға дайынбыз. Біздің ынтымақтастығымыз нығая беретініне және Брест облысы Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты қарым - қатынаста маңызды орын алатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Елші.

Қазақстандық делегация «Брест бекінісі – батыр» мемориалдық кешеніндегі Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы бекініс қорғаушыларының ергіліне құрмет көрсетті.

Сапар аясында Қазақстан Елшісі Беларусь өнеркәсібінің флагманы болып табылатын өңірдің бірқатар жетекші кәсіпорындарына барды: «Сифания-Экотехника» – тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеуге, сондай-ақ суды тазартуға арналған жабдықтардың Беларусь өндірушісі (компания өнімі Қазақстанда (Атырау, Жаңаөзен, Қостанай) кеңінен қолданылады және 10-нан астам елге экспортталады), «Santa Bremor» компаниялар тобы – пресервілерді, теңіз өнімдері мен балмұздақты қоса алғанда, тамақ өнімдерінің ірі өндірушілерінің бірі (компания өнімі Қазақстанды қоса алғанда 39 елге экспортталады); «Беловежские сыр» - Беларусьтің сүт өнеркәсібіндегі жетекші компаниялардың бірі, ол өзінің сапалы және әр түрлі өнімдерімен танымал (компания 50-ге жуық ірімшік пен май ұсынады, өнімдер Беларуссияда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де танымал).